🎼 "ӨМІРІ - ӨНЕРІМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН"

🎼 "ӨМІРІ - ӨНЕРІМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН" сазды кеш
🎼 Бүгін, Кентау көпсалалы колледжінде жастар ісі жөніндегі инспекторы А.Бекбулатованың ұйымдастыруымен, студенттік парламент, жастар комитеті, "Саналы ұрпақ" ерікті жастардың қатысуымен "Өмірі - өнерімен өрнектелген" атты сазды кездесу кеші өтті. Кешке қонақ болып Түркістан облысының үздік әншісі
Халықаралық, республикалық ән байқауларының лауреаты Абильханова Айжан Тұрсынбекқызы және Түркістан облысына танымал әнші, ұстаз Жақсылықова Айнұр Бердібекқызы келді. Кеште жастар әпкелерінің өнер жолдарымен танысып,керемет әндерін тыңдап, көтеріңкі көңілмен тарқасты. Кеш соңында Асылай Бердіханқызы қонақтарға алғысын білдіріп, жастар атынан гүл шоқтарын ұсынды.
Кештің мақсаты: жастарды өнер адамдарының жүрген жолын таныстыра отырып, өнерге деген құштарлықтарын арттыру.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02X5wVQVqfXhvkAeCxjK4nNfCMc9X7HpTtYte3quYqzxGh7Zq4zJG1bj5wGz9LZA8Cl&id=100011834766490&locale=ru_RU
#Оқуағартуминистрлігі